Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

569

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жақметова берген өтінішіне сәйкес ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.    

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

Жанат Жахметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу