Жанат Жақиянов туралы фильм түсіріліп жатыр

709

Жанат Жақиянов туралы фильм түсіріліп жатыр

Петропавлда "Жанат Жақиянов – артқа қадам жоқ" атты деректі фильм түсіріліп жатыр. Картинада қазақ боксшысының чемпиондық атаққа дейінгі ұзақ жолы туралы баяндалады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Профи Бокс Қазақстан" парақшасында жазылған.

Жоба жетекшісі – Алексей Мишаченко. Жанат Жақиянов – аса жеңіл салмақта (53,5 келі) өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Петропавлда отбасы тұрады – анасы, әйелі мен екі кішкентай баласы (9 айлық ұлы Ердос пен 2 жастағы қызы Нұрай).

Жанаттың өзі негізінен Ұлыбританияда тұрады және IBF, WBO, IBO тұжырымдарында бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттонның жетекшілігімен сол елде жаттығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу