Жанат Жақиянов жекпе-жекке шығады

1407

Жанат Жақиянов жекпе-жекке шығады

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жектің афишасын жариялады.

Бокс бәсекесі 10-ақпан күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте америкалық боксшының жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулері және Жақияновтың WBA тұжырымының белбеуі сарапқа салынады.

Ж.Жақиянов АҚШ-та алғаш рет жекпе-жек өткізеді. Бұған дейін ол Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей елінде жұдырықтасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу