Айта кетейік, Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарлы боранның салдарынан электр желілері істен шыққан болатын. Осы оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, облыс басшылығы жарық пен істен шыққан қазандықты қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастап кеткен еді.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Сарысу ауданындағы жұмыс сапары барысында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Басқосуда аймақ басшысы ауданның елді мекендерін электр энергиясымен қамту, Жаңатас қаласына жылу беру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Барлық саладағы қызметтің үйлесімді әрекетінің маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.