Жаңатас қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді

700

Жаңатас қаласы мен Сарысу ауданында екпіні 30 м/с болатын қатты жел соғып жатыр.   

Жаңатас қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді Фото: gov.kz

“ЖаңатасСуЖылу" МКК жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының жұмысы үшін жеткіліксіз болып тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлады. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіру мүмкіндік бермей отыр. Бағаналардың құлауына байланысты "ЖЭС" АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмауда.

“Шахан" қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алды. Жаңатас қаласындағы жылу жүйесіндегі суды ағызу туралы шешім қабылданды.

Соған сәйкес, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті биліктің ұйымдастыруымен үш мектепте жылыту пунктері дайындалып, ыстық тамақпен қамтылып жатыр. 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу