Жаназаға барған елордалық Жамбылдың 6 тұрғынына коронавирус жұқтырған

860

Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылы туған Қордай ауданының тұрғындары.  

Жаназаға барған елордалық Жамбылдың 6 тұрғынына коронавирус жұқтырған

6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.

"Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр", – делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу