Жаңажол кенорнындағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты

559

​Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңажол кенорнындағы апаттан бір жұмысшы қаза тапты Фото: Ақтөбе әкімдігі

56 жастағы жұмысшы 2-3 дәрежелі күйік алған. Бас, бет, мойын тұсы мен аяқ-қолдарын термиялық күйік шалған. Тыныс алу жолдары да қатты зақымданған.

"Үшінші мамыр күні сагитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген. Бүгін таңертең Астана қаласындағы 1-емханада қайтыс болды", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Естеріңізге салсақ,1 мамыр күні сағат 15:30-да жеңіл көмірсутектер алатын құбыр қондырғысында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығып, артынша тұтанған. Салдарынан 4 жұмысшы зардап шеккен еді.

Денесін күйік шалған 4 жұмысшы санавициямен, реанимобильдермен облыс орталығына жеткізілді. Ақтөбе облысындағы кенорнындағы өртке байланысты "Өрт қауіпсздігі талаптарын сақтамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу