Жаңажылдық қымбат сыйлық алған шенеунік жауапқа тартылады

941

Жаңажылдық қымбат сыйлық алған шенеунік жауапқа тартылады

Мемлекеттік қызметкерге арналған сыйлықтың бағасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс – 4242 теңге.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев елдің мемлекеттік қызметкерлеріне Жаңа жылға қымбат сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылатындығын ескертті, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға заңмен тыйым салынған. (…) Жаңа жыл алдында мемлекеттік қызметкерлерді тағы бір рет ескерткіміз келеді. Бизнес тарапынан басшыларға, шенеуніктерге құттықтаулар жолданатыны бәрімізге түсінікті. Ол қоржындардың қанша тұратыны да белгілі. Олар 2 АЕК көлемінен асып кетеді", — деді Ішпекбаев сейсенбі күні сенат депутаттарымен кездесу барысында.

Ішпекбаев еске сала кеткендей, қазіргі нормаларға сәйкес, сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асып кететін болса, параға жатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу