Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

2309

Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды Фото: КазТАГ

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).

"Жанболат Мамай кінәлі деп танылды. Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамның мінез-құлқы және үш жас баласының болуын ескерді. Айыпты ауырлататын жағдайлар есептелмеді", делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін ескіру мерзімі аяқталуына байланысты іс тоқтатылғаны атап өтілді.

"Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және Қылмыстық Кодекстің 63 – бабының негізінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген Алматы сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу