Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды

782

Рукада (Финляндия) фристайл-акробатикадан әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр.   

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алды

Қазақстандық атлет Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен іркілмей шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінде ол 83,16 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының өкілі Маржан Ақжігіт 14-ші, Ақмаржан Қалмұрзаева 18-ші, ал Аяна Жолдас 25-орынға жайғасты. 

Айта кетерлігі, финалға 12 спортшы жолдама алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу