Жанбота Алдабергенова әлем кубогінде үздік төрттікке енді

645

Қытайдың Чанчунь қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтуде. 

Жанбота Алдабергенова әлем кубогінде үздік төрттікке енді

Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова әлемдік сыннан төртінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жанбота 80.9 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Алтын жүлдені қытайлық Хью Ментаго (105.5), күміс жүлдені белоруссиялық Александра Романовская (93.4), қоланы австралиялық Лаура Пииль (86.7) иеленді. 

Айта кетелік, бұл Жанботаның маусымдағы үздік көрсеткіші. Ол 2016 жылы әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу