Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі аяқталды. Қазақстандық Жанбота Алдабергенова турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 170.08 ұпай жинады.
Бірінші орынды австралиялық Лаура Пил иеленген. Қола жүлдені украиналық Анастасия Новосад еншіледі, ол 153.92 ұпай жинаған.
Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева мен Аяна Жолдас 13-ші және 17-ші орындарға жайғасты.
Жарысқа 8 мемлекеттен 25 спортшы қатысқанын естеріңізге саламыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу