Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан финалға шықты

600

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің кезеңі басталды.  

Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан финалға шықты

Ұлттық құрама көшбасшысы Жанбота Алдабергенова финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтады. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол 85,99 ұпайын жинады.

Қазақстан құрамасының өкілдері Ақмаржан Қалмұрзаева 13-ші, Аяна Жолдас 23-ші, ал Маржан Ақжігіт 39-шы орындарға жайғасты. 

Айта кетерлігі, финалға 12 спортшы жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу