Жаңбыр, бұршақ: 22 маусым күні ауа райы қандай болады

604

Елдің басым бөлігінде екпінді жел сақталады

Жаңбыр, бұршақ: 22 маусым күні ауа райы қандай болады Фото: google.com

Қазақстанның барлық аумағы әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты 22 маусым күні найзағай, жаңбыр сақталады, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Жетісу, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі туралы ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу