Жаңбыр, қар, көктайғақ: "Қазгидромет" 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды

505

Синоптиктер 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Жаңбыр, қар, көктайғақ: "Қазгидромет" 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды Фото: egemen.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік циклонның ойпатының әсерінен тек Қазақстанның солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауып, бұрқасын болады.

Ал, республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен аздап қар жауады деп болжанды, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен екпіні 1-6 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 11-13 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлтты. Өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде тұман. Оңтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-1 жылы, күндіз 7-9 жылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу