Жаңбыр, қарлы боран: Алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы бұзылады

282

Солтүстік облыстарда ауыр температурасы -5-10°С дейін төмендейді.

Жаңбыр, қарлы боран: Алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы бұзылады Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде – 2023 жылдың 25-27 қарашасы аралығында республикада күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің батысы мен солтүстігінде қар жаудырып, боран соқтырған Атлант циклоны біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды.

"Оның соңын ала оңтүстік-батыстан антициклон жылжып келеді, соның ықпалынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді деп болжанды, түнде солтүстік облыстарда ауыр температурасы -5-10°С дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, ауа райы тұрақсыз болады.

"Бірақ, антициклон орнығып үлгермей жатып, біздің елден кетуге мәжбүр болады, өйткені оның орнын батыс жақтан келе жатқан басқа циклон алмастырады, бұл қайтадан тұрақсыз ауа райын тудырады: мұзды жауын мен қар жауады, қарлы боран соғады, көктайғақ байқалады. Ал температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Ал синоптиктердің болжамынша, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу