Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Қазақстанда ауа райы құбылады

325

Кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.  

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Қазақстанда ауа райы құбылады Фото: orda.kz

18 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Сонымен қатар елдің көптеген облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана: оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі бар.

Алматы: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте 18-20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде тұман болады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Түркістан және Жамбыл облыстарында таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болжанады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жел 15-18 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз оңтүстігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай және 15-18 м/с жел күтіледі. Төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және тұман болжанады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

18-19 тамызда Қызылорда облысында, ал 18-20 тамызда Шымкент пен Түркістан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу