Жаңбыр, найзағай, үсік: 8 қыркүйекке арналған ауа райы

648

Еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр, найзағай, үсік: 8 қыркүйекке арналған ауа райы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 8 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек елдің шығысынды жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу