Жаңбыр салдарынан Әулиекөлдегі жаңа үйлер су астында қалды

744

Жаңа үйлерге жақында ғана қоныстанған Әулиекөл тұрғындары септиктер, аулалар мен көшелердің жаңбыр суының астында қалғанын айтады, деп жазады inbusiness.kz "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап. 

Жаңбыр салдарынан Әулиекөлдегі жаңа үйлер су астында қалды Фото: kstnews.kz

Тұрғындар бір апта бұрын қоныстанған үйлерін жаңбырдан кейін қатты су басқаны туралы "Костанайские новости"  портал редакциясына жазған.

"Бұл жаңа үйлер, септиктер суға толды, әлі көктем де келген жоқ", - деп жазады тұрғындар.

Ақпаратқа сәйкес, журналистер Әулиекөл ауданының әкімі Еран Теменовке хабарласқан. Ол су айдау жұмыстары жүріп жатқанын, адамдарға көмек көрсетілетінін атап өткен.

"Бүгінгі таңда бұл мәселені шешу үшін жобалау институттары жұмыс істеп жатыр. Нөсерлі кәріз жобасын, сонымен қатар орталық кәріз станциясын салу мәселесі әзірленіп жатыр", - деді аудан басшысы.

Нөсерлі кәріз жүйесін салу бойынша жоба келер жылы іске қосылады деп күтілуде.

Айта кету керек, Әулиекөлдегі орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы уәде етілген мерзімінен бұрын аяқталып, 22 қазанда тұрғындарға жаңа үйлердің кілті табысталған болатын.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу