Жаңбыр тамшысынан энергия өндіретін әдіс бар

1374

Инженерлер энергияның бұл түрін өндірумен бірнеше жыл бойы айналысып келген.

Жаңбыр тамшысынан энергия өндіретін әдіс бар

Қытай ғалымдары жаңбырдың бір тамшысынан қуат алуға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапты. Оның көмегімен жүз жарықдиодты шамды жағуға болатын көрінеді.

Гонконг университеті инженерлерінің айтуынша, 100 микролитрден тұратын бір тамшы 15 см биіктіктен төменге түскен кезде шамамен 140V кернеуді өндіреді. Су тамшысы тегістікке тиген сәтте алюминий электроды мен индий-қалайы оксиді электродының арасында көпір пайда болады. Зерттеушілер осы әдістің көмегімен энергия алуға болатын дәлелдеген. Енді мұндай құрылғы бес жылдан кейін қолданысқа енгізілмек.

Инженерлер энергияның бұл түрін өндірумен бірнеше жыл бойы айналысқан. Қуат шығаратын құрылғының прототипін сан мәрте жасаған, бірақ осы күнге дейін ойлары толықтай іске аспады. Мысалы, 2017 жылы жасалған аппарат өнеркәсіпке жарамай қалған, өйткені ол тиісті энергия мөлшерін өндіре алмаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу