Жаңбыр, тұман, үсік: Қазақстанда ауа райы құбылады

258

Бірқатар өңірде жел күшейеді.  

Жаңбыр, тұман, үсік: Қазақстанда ауа райы құбылады Фото: kazpravda.kz

"Қазгидромет" бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, ал таулы жерлерде жылбысқы қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірдің бірқатар аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай, батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болжанады. Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік өңірлерде тұман мен жаңбыр күтіледі. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман болжанған.

Батыс өңірлерде де жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында түнде 3 градусқа дейін, Абай облысының шығысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу