Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

696

4 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Алматы қаласында 4 мамыр кешке және 5 мамыр түнде қатты жаңбыр күтіледі. 4 мамыр таңертең және күндіз, 5 мамыр тәулік бойы найзағай болады. 5 мамыр бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде 17- 22 м/с құрайды.

Шымкент қаласында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Желдің күші оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай уақытында екпіні 17- 22 м/с құрайды.

Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында қатты жаңбыр күтіледі. 4-6 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. 4 мамырда кей уақытта желдің күші 25 м/с артады.

Бұдан бөлек, 4-5 мамырда Түркістан және Жамбыл облыстарында, 4-6 мамырда Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы таулы аудандарда ағынды сулар қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу