Жаңбыр жауып, жел күшейеді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

249

Осы демалыста, яғни, 19-21 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Фото: canva.com

Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді.

– Үш күн бойы Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ғана күн ашық болады. Жалпы, барлық аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай соғып, күн күркірейді, деп хабарлады Қазгидромет.

Сондай-ақ батыс пен солтүстік-батыстағы ауа температурасы 13 градусқа дейін, шығыс пен орталықта 18 градусқа дейін, ал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 22 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу