Жаңбыр, жел, бұрқасын: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

377

"Қазгидромет" РМК ел аумағында 16 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңбыр, жел, бұрқасын: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", — делінген ведомство ақпаратында.

Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу