Жаңбыр, жел, көктайғақ: ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

249

 Жол жағдайы туралы жедел ақпаратты әлеуметтік желілерден және “112” қызметінің хабарламаларынан білуге болады.    

Жаңбыр, жел, көктайғақ: ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады Фото: dknews.kz

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта республиканың 20-дан астам жол учаскесі жабылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Атап айтқанда, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында қозғалысқа шектеу енгізілген.

ІІМ өкілдері жол қозғалысы кезінде ауа райына сәйкес жылдамдық режимін сақтау, алдыңғы көлікпен арақашықтықты ұлғайту және қажет болған жағдайда апаттық жарық белгілерін қосу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ маневр жасау мен жолақ ауыстырудан уақытша бас тарту ұсынылады.

– Шұғыл қажеттілік болмаса, алыс сапарларды кейінге қалдырған жөн. Егер жолға шығу аса қажет болса, жүріс бағытын алдын ала жоспарлап, көлік құралының техникалық жағдайын мұқият тексеру қажет. Уақытылы қабылданған сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ведомство өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу