Жаңбыр, жел, найзағай: 19 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады

694

Синоптиктер Қазақстандағы 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Жаңбыр, жел, найзағай: 19 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады Фото: baq.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Тек республиканың шығысында және шеткі солтүстігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді деп болжанды.

"Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының топырақ бетінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде солтүстікте 1-3 градус аяз болады. Павлодардың орталығы мен шығысында, Ұлытаудың шығысында, Қарағанды, Қызылорда облыстарының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу