"Жаңбырды мен шақырдым деп кез келген адам айта алады": Министр Алтай Айнабек туралы айтты

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өнертапқыш Алтай Айнабекпен 2023 жылы кездескен. 

"Жаңбырды мен шақырдым деп кез келген адам айта алады": Министр Алтай Айнабек туралы айтты Фото: smartnews/ canva

Сөз арасында министр оған жұмысын ғылыми дәлелдеуді ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Министр "Жаңбыр адамы" ұсынған технологиямен таныс екенін айтып отыр. Сөзінше, 2023 жылдың желтоқсан айында бұл мәселені өзара талқылаған. Ол кез келген жаңа технология немесе әдістеме ғылыми негізде дәлелденуі тиіс деп есептейді. 

– Мен ол жігітпен (Алтай Айнабек – ред.) таныспын. 2023 жылдың желтоқсан айында ол менің қабылдауымда болды. Өз жобасын таныстырды. Сол кезде мен оған: "Бірінші өз әдісіңді көрсет, дәлелде" деп айттым. Жұмыс істелгеннен кейін біз: "Енді ғалымдарды қосайық" дедік. Себебі, әлеуметтік желіде "жаңбыр жауып жатыр, мен оны шақырдым" деп кез келген адам айта алады. Бірақ оны ғылыми түрде дәлелдеу керек. Сондықтан, біз институттың ғалымдарын қосуға ұсыныс жасадық. "Ғалымдар зерттеу жүргізсін" дедік. Бірақ, бұл жұмыс іске аспады. Ол қарсы болды деп айта алмаймын, бірақ бірге жұмыс істелмеді, – дейді Н.Нұржігітов.

Ол "Алтай Айнабек қанша қаржы сұрады?" деген сұраққа да жауап берген. 

– Ақша туралы да әңгіме болды. Бірақ біз бірінші кезекте ғылыми дәлелдемені талап еттік. Қазір нақты соманы есіме түсіре алмаймын, бірақ әңгіме 100-200 млн теңге көлеміндегі қаражат туралы болды, – деп атап өтті министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу