Жандарбек Бекшин вакцина салдырған қанша адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

815

QazCovid-in вакцинасын салдырған азаматтарда індет жұқтыру саны ең аз тіркелген.

Жандарбек Бекшин вакцина салдырған қанша адам коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

Алматының бас санитар дәрігері вакцина салдырған қанша адам коронавирус жұқтырғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Алматы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы жылдың сәуір айынан бастап вакцинацияның толық курсынан (42-45 күн) өткендерге мониторинг жүргізді. 

"Сонымен қатар 3 239 коронавирус ауруы тіркелді. Бұл жалпы екпенің толық курсын алған 987 мыңнан астам азаматтың 0,33%-ын құрайды. Алматыда вакцинацияның толық курсын алғаннан кейін аурушаңдық бойынша жағдай: Спутник V – 0,37%, Hayat-Vax – 0,26%, Sinovac – 0,19%, QazCovid-in – 0,17%. Айта кету керек, олардың ауруларының басым көпшілігі жеңіл дәрежеде өтті", – деді Жандарбек Бекшин Facebook желісінде жариялаған видеоүндеуінде. 

Ол QazCovid-in вакцинасынан кейін ауру саны ең аз тіркелетінін атап өтті.

"Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты әзірлеген ковидке қарсы белсендірілмеген вакцина. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, отандық вакцинамен егілгеннен кейін пациенттер басқа вакциналармен салыстырғанда жанама әсерлердің азырақ болғаны байқалған", – деді спикер. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері қайта вакцинациялау үшін QazCovid-in препаратын таңдаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу