Жандарбек Бекшин қатаңдатылған шаралар нәтижие бермегенін мойындады

1164

Қоғамдық көлікте індет жұқтыру көрсеткіші 21,3%-ға өскен.  

Жандарбек Бекшин қатаңдатылған шаралар нәтижие бермегенін мойындады

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин "қызыл аймақтағы" қалада карантинді жеңілдету себебін түсіндірді, деп хабарлады inbusiness.kz  . 

"Зерттей келе мұндай шектеу шараларының кері тұсын анықтадық. Мәселен, шаштараз адамдарды өз үйінде қабылдай бастады. Сол сияқты қосымша білім беретін ұйымдардың мұғалімі де балаларды үйінде шақырып, сабақ өту деректері анқталды. Мұндайда ешқандай санитарлық қауіпсіздік шарасы сақталмайды",– деді шаһардың бас санитар дәрігері.

Эпидемиологиялық зерттеу бойынша 14-20 наурыз аралығында қоғамдық көлікте вирус жұқтыру деңгейі 18,2% болса, ал жаңа Қаулы енгізілген соң, яғни автобусты белгілі бір уақытта жүргізгенде вирус жұқтыру 21,3%-ға дейін өскен.

"Яғни, қолға алған қатаңдатылған шаралар өз нәтижиесін бермеді", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетсек, Алматыда 3 сәуірден бастап 12 сәуірге дейін енгізілген карантин шараларын жеңілдетілді. Бұған дейін жабылған Сауда үйлері мен базарлар, сұлулық салондары қайта жұмысын жандандырды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу