Жандарбек Бекшин: Қазіргі уақытта қызылша өршіп тұр деуге келмейді

889

Оның дерегінше, бүгінге дейін еліміздің аумағына қызылшаға шалдығудың 700-ден астам дерегі тіркелген.

Жандарбек Бекшин: Қазіргі уақытта қызылша өршіп тұр деуге келмейді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда қызылшаның жаппай таралмағандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанда қызылшаға шалдығудың ең жоғар деңгейі 2005 жылы тіркеліп, 16 мың адам ауырған болатын. Соңғы ушығу 2015 жылы орын алып, сол кезде Қазақстанның 1,5 мыңнан астам тұрғыны ауырды. Қазіргі уақытта қызылша өршіп тұр деуге келмейді. Өздеріңіз де көріп отырғандай, қызылша айта қоярлықтай инфекция емес. Біз оны симптомдық емдейміз. Ең бастысы дәрігерге дер уақытында қаралу қажет", – деді ол үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның дерегінше, бүгінге дейін еліміздің аумағына қызылшаға шалдығудың 700-ден астам дерегі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу