Жандарбек Бекшин коронавирус өршіген елдерге бармауға кеңес берді

1661

Қытайда жағдай тұрақталып келеді, дегенмен індеттің басқа елдер арқылы келу қаупі бар.

Жандарбек Бекшин коронавирус өршіген елдерге бармауға кеңес берді

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері, ҚР денсаулық сақтау министрлігі, қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин коронавирус көп тарала бастаған елдерді атап айтты.

"Қытайда жағдай тұрақталып жатыр, коронавирустың өсуі өткен аптада 0,5% болған еді. Ал өткен тәулікте 0,28% көрсетті. Алайда басқа елдер арқылы індеттің келу қаупі бар. Мысалы, вирус Оңтүстік Кореяның екі провиниясында ғана тіркелген еді, қазір көптеген аймағына тарады. Ол елде 23 мың азаматымыз бар. Заңсыз жүргендері де жетерлік. Италияда коронавирустің 144 жағдайы тіркелді. Ол елде індет күннен күнге өсіп жатыр. Әсіресе солтүстігінде", – деді Бекшин.

Бас санитариялық дәрігер Оңтүстік Корея мен Италиядан басқа бірқатар елге бармауға кеңес берді.

"Жапонияда коронавирустің 132 жағдайы тіркелді. Сингапурда – 89, Тайландта – 35, Иранда – 43 жағдай. Сондай-ақ Малайзия, Вьетнам елдері де бізді алаңдатуда. Жағдай күнде өзгеруде. Оңтүстік Корея мен Италияда жағдай аса күрделі. Сол себепті аталған елдерге аса қажет болмаса, барудан бас тарқан жөн", – деді Жандарбек Бекшин.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу