Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

1267

 Ал оның орнына департамент директоры Айжан Серікбайқызы Ешмағамбетов Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды.  

Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бірақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қала береді. Қазіргі таңда ол жұмыс бабымен Алматыда жүр. Оның орнына департамент директоры Ешмағамбетов Айжан Серікбайқызы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды", – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетсек Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу