Жандарбек Бекшин қызылшаның өршуіне қатысты түсінік берді

1437

Қызылша қаупі сейілмей отырған 3 өңір тұрғындарына ауруға қарсы екпе 9 ай кейін салынатын болады.

Жандарбек Бекшин қызылшаның өршуіне қатысты түсінік берді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Алматы мен Ақмола облыстарында қызылшаның өршуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қызылша Астанада кең тарап, Алматы мен Алматы облысында біршама артып отыр. Алматыда – 50, Ақмолада 41 оқиға тіркелген. Бұл – зертханалық натыланған оқиғалар. Қажетті вакцина көлемі бар", – деді ол үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, биыл негізінен балалар арасында қызылша өршіп тұр. Науқастанғандардың 60-70 пайызын балалар құрайды. Қызылша қаупі сейілмей отырған 3 өңір тұрғындарына ауруға қарсы екпе 9 ай кейін салынатын болады.

"Қазір 100 мың тұрғынға жететін вакцинаға қосымша тапсырыс бердік. Бұл қызылшаға қарсы моновакцина. Сонымен қатар Дүниежүзілік сауда ұйымы тарапынан қызылшаға қарсы ди-вакциналарды тегін алу мәселесін қарастырып жатырмыз. Қоса кетерлігі, 90-шы жылдарда және 2000 жылдардың басында вакцина алған ересек адамдар ішінде де қызылшамен ауырғандар бар", – деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында күн суытқаннан бері қызылшаға байланысты 49 оқиға тіркелді. Ал Ақтөбеде 7 бала қызылша жұқтырып, ем қабылдап жатыр. 

Жалпы соңғы 2 айда Қазақстанда 968 адам қызылша ауруын жұқтырған, оның 80 пайызы – балалар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу