Жандарбек Бекшин мемеке басшылары үшін арнайы мәлімдеме жасады

1665

Барлық мекемелерде дезинфекциялық режим енгізілмек.

Жандарбек Бекшин мемеке басшылары үшін арнайы мәлімдеме жасады

1 наурыздан бастап барлық мекемелер дезинфекциялық режиммен жұмыс істеді. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады.

"Құрметті мекемелердің басшылары! Сіздерге де менің мәлімдемем бар. Ең біріншіден, осы жағдайға байланысты  қазіргі таңда дезинфекциялық режимді күшейту керек. Біріншіден, нысандарда қол жуатын жағдай жасалуы керек. Ол жерлерде міндетті түрде сұйық сабын мен су болуы керек. Екіншіден дезинфекция жасалуға тиіс. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, жақтауларды, адамдар қолмен көп жанасатын бөліктерді сағат сайын дезинфекциялау керек. Осындай қарапайым шаралар өте қажет", – деген маман 1 наурыздан бастап мектеп оқушыларын сабаққа жібермес бұрын дәрігерлер тексеретінін ескетті.

"Біз балабақшаларда, мектептерде, арнайы оқу мекемелерінде, колледждерде міндетті түрде оқушыларды қабылдаған кезде фильтр жасауымыз керек. Олардың арасында жіті респулаторлық инфекциясы бар оқушыларды анықтап, дәрігерлерге тапсыру керек. Әрбір мекемеде медициналық бекеттер бар. Медицина қызметкерлері оларды жедел стансаның автокөлігін шақырып, тиісті емдеу жасау үшін оқшаулау керек. 1 наурыздан бастап осындай өзгерістер енгізілгенін хабарлағым келген. Ал 1 наурызға дейін 17 қаңтар күні шыққан №5 қаулы бойынша жұмыс істейміз", – деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу