Жандарбек Бекшин: Сүт өңдейтін кәсіпорындардың барлығы тексерілетін болады

834

Жандарбек Бекшин: Сүт өңдейтін кәсіпорындардың барлығы тексерілетін болады

ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ОҚО-да балмұздақтан уланған адамдардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі таңда ешқандай мораторий жоқ. Шағын және орта бизнес үшін каникул жүріп жатыр (...). ШОБ нысандары айтарлықтай емес эпидемиологиялық маңыздағы орындарға жатады. Олар тек халықтың шағымы түскен уақытта немесе қандай да бір төтенше жағдайлар туындағанда ғана тексерілетін болады", - дейді Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Қазақстандағы жұмсақ балмұздақ сататын барлық нысандар тексерілетін болады.

"Біріншіден, бұл нүкте жабылды. Екіншіден, материалдар тергеу органдарына тапсырылып, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы тексеріс аяқталғаннан кейін осы орынды ашып, сапасыз өнімді сатқан жеке кәсіпкер Ешмұратовтың кінәсі қаншалықты екенін анықтайтын болады", - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, бүкіл Қазақстан бойынша қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жергілікті органдары балмұздақ сататын орындарды тексеруді бастап кетпек.

"Жалпы, сүт өнімдері әрқашан эпидемилогиялық маңызға ие. Ең бірінші кезекте, өнеркәсіптік ауқымда өнім шығаратын сүт өңдейтін кәсіпорындардың барлығы тексерілетін болады. Бұл жерде балаларда демалыс болғандықтан, ал сауда нүктесі қалалық саябақтан алыс болмағандықтан, сондағы халықтың көбі осы өнімнен дәм татқан болуы керек", - дейді Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетсек, Шымкентте осыған дейін ондаған адам балмұздақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу