Жандарбек Бекшин уланған жұмысшылардың жағдайы туралы айтты

1000

Қоғамдық тамақтану орны санитарлық тексерістен өтуде. 

Жандарбек Бекшин уланған жұмысшылардың жағдайы туралы айтты

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин жұмысшылардың жаппай улануына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

"8-9 ақпанда жұмысшылар жіті гастроэнтеритке шағымданды. Аурудың жеңіл дәрежесіне байланысты 12 адам изоляторға амбулаторлық емделуге орналастырылды. Орта дәрежеге жақын төртеуі Жылыой аудандық ауруханасына жатқызылды", – деді Жандарбек Бекшин сейсенбі күні Астанада журналистерге.

Оның айтуынша, жеңіл зардап шеккен 12 адам ауруханадан шығып, жұмыстарына кірісті. 

Улану себептерін анықтау мақсатында қоғамдық тамақтану орны санитарлық тексерістен өтуде.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда. Кәдімгі асқазанның қабынуы деген мәселе қойылып отыр, бұл жұқпалы аурумен байланысты емес. Шайындылар, тамақ өнімдерін де тексеруіміз керек. Өкінішке қарай, бір тәулік бойы сақталуға тиіс дайын тағамдарды асхана қызметкерлері сақтамаған екен", – деп қорытындылады бас санитарлық дәрігер.

Еске сала кетсек, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде "Юлмар Сервис" ЖШС жұмысшылары астан жаппай уланып қалған еді.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу