Жандарбек Бекшин вакцина салдырды

1692

Алматыда COVID-19-ға қарсы ерікті вакциналау басталды. 

Жандарбек Бекшин вакцина салдырды

Шаһар әкімдігінің хабарлауынша алғашқылардың бірі ресейлік вакцинаны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбең Бекшин, сонымен қатар мәслихат депутаты, №5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Болат Садықов салдырды.

Бұл үшін "Спутник V" вакцинасы пайдаланылады және препарат вакцинация жүргізетін емханаларға бөлінді. Осы орайда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықты иммундаудың маңыздылығын атап өтті.

"Вакцинация – бұл пандемиямен күрестегі шешуші қадам. Бүгін мен оның маңыздылығын, қауіпсіздігін көрсету үшін вакцинаны қабылдадым. Жақында өзіміздің отандық вакцина егуге дайын болады. Біз ғалымдарға сенеміз. Сондықтан мен қала тұрғындарына – барлығына осы қадамды жасауға кеңес беремін. Вакциналау жүріп жатқан кезде біз бетперде тағуды, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды жалғастыруымыз және вируспен күресудің басқа шараларын қолдануға тиіспіз", — деді Ержан Бабақұмаров.

Вакциналауды жүргізу үшін екпе салатын пункттердің дайындығы тексерілді, профилактикалық егулер жүргізудің тәртібі бекітілді. Иммундау үшін 144 медицина маманы оқудан өтуде.

Ерікті вакциналауға профилактикалық екпеге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Оның алдында дәрігер міндетті түрде әр адамды тексеруден өткізуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу