Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

2133

Құжаттағы өзгерістер 2021 жылдың 13 наурызда күшіне енеді. 

Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

2021 жылғы 10 наурызында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шаһарда коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту бойынша жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Құжатта бұрынғыша топтық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Сонымен қатар "Наурыз" және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. 

Әрі қызметі рұқсат етілмеген объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары. 

Сондай-ақ оғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, темір жол және авто - вокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық - түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу қажет. 

"Оффлайн режимде жиналыстар (кеңестер) өткізуге тыйым салынады. Коронавирустық инфекцияның жеңіл немесе орташа және симптомсыз түрімен ауыратын науқастардың үй карантинін сақтау мүмкіндіктері болмаса ауруханаға жатқызылады", - деп жазылған құжатта. 

Қаулы  2021 жылдың 13 наурызда күшіне енеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу