Жандарбек Бекшин жасанды жұмыртқа туралы видеоны теріске шығарды

1920

Әлеуметтік желіде жасанды жұмыртқа туралы видео таралған болатын. Онда ер адам қытайлық "резеңке" жұмыртқалардың Өскемен қаласына жеткенін айтады.

Жандарбек Бекшин жасанды жұмыртқа туралы видеоны теріске шығарды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жасанды жұмыртқа туралы видеоны теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жұмыртқа туралы Интернетке тараған видеоны 100 пайыз фейк деп атауға болады. Аталған ақпарат бойынша Өскемен қаласында тексеру жүргіздік. Ол жақта тек қана отандық жұмыртқалар сатылып жатыр. "Силикон" жұмыртқа еш жерден кезікпеді. Видеоны түсіріп, интернетке жүктеген адамды да ешкім таппады", – деді Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бейнежазбадағы сөздердің жалған екенін бірден аңғаруға болады.

"Себебі, видеода адам қолынан басқа ештеңе түсірілмеген. Егер шын мүдделі болса, адам өз аты-жөнін көрсетіп, өнімнің атауын айтар еді. Жұмыртқа маркасының өзі Қазақстандікі емес. Әңгімелеріне қарағанда, видео Қырғызстанда түсірілген болуы мүмкін. Мұндай жұмыртқаның Қазақстанда болуы мүмкін емес", – деді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде жасанды жұмыртқа туралы видео таралған болатын. Онда ер адам қытайлық "резеңке" жұмыртқалардың Өскемен қаласына жеткенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу