Жандарбек Мәлібеков ел рәміздерінің тарихы туралы сыр шертті

2425

Жандарбек Мәлібеков ел рәміздерінің тарихы туралы сыр шертті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды aikyn.kz.

Шараның мақсаты – азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ, оның мән-мағынасын түсіндіру.

Шараға елтаңта авторы Жандарбек Мәлібеков пен қоғам қайраткері, Парламент мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысып, министрлік қызметкерлеріне ел рәміздерінің тарихы туралы сыр шертті. Сонымен қатар, жиынның қадірлі меймандары, мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін нығайту мәселесін, маңызды тарихи шешімдер мен жеке бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеп берді.

Жиынға төрағалық еткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, кезінде мемлекеттік рәміздер бойынша ауқымды байқау жарияланып, іргелі жұмыстардың атқарылғанын атап өтті: "Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары мемлекеттік рәміздер жөнінде арнайы комиссия құрылып, мыңдаған жұмыстар қаралғаны белгілі. Мәселен, мемлекеттік тудың үздігін анықтауда 1200 өтінім түссе, елтаңбаға қатысты 250 еңбек қабылданып, әнұранды бекітуде 750 жоба сүзгіден өтті", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу