Жәндіктерді улауға арналған "Палач" дәрісін сатуға тиым салынды

1209

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәлихатында Қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді.  

Жәндіктерді улауға арналған "Палач" дәрісін сатуға тиым салынды

Жуырда ғана мегаполисте жәндіктерді өлтіруге арналған "Палач" дәрісінен анасы мен баласы уланып қайтыс болды.  Сондықтан шаһарда аталған препараттарды саудалауға тиым салынды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдагасимова мәлімдеді.

"Мен "Палач" пен "Фас-дубль" дәрілерін саудалауға тиым салу туралы қаулы шығардым. Енді бұл тауарды дүкен сөрелерінен алып тастау үшін қаулыны барлық мекемелерге жібереміз. Өйткені аталған дәрінің төрт түрі бар. Оның үшеуі заң бойынша тіркелмеген",  деді Айзат Молдагасимова.

Үй жағдайында жәндіктерді улауға арналған бұл дәрілер Ресейде шығарылған.

Естеріңізге сала кетсек, 7 желтоқсан күні базарда сатып алынған осы препараттардан уланған анасы мен баласы ауыр хәлде ауруханаға түскен. Артынша 13 желтоқсан күні 31 жастағы ұлы, 19 желтоқсан күні 67 жастағы анасы жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу