Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды

136

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды Фото: ortcom.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген өкімде.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев 1978 жылы туған.

Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

  • 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі.
  • 2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
  • 2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2017-2018 жылдары – Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.
  • 2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
  • 2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу