Жандососова деген кім? Алматыда қате жазылған жол белгісі жұрттың күлкісін келтірді

398

Қала әкімдігі не дейді?

Жандососова деген кім? Алматыда қате жазылған жол белгісі жұрттың күлкісін келтірді Фото: Оқырманнан

Алматыда "Жандосов" көшесінің атауы жол белгісінде "Жандов", "Жандососова" деп қате жазылған. Ерекше жол белгісі әлеуметттік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Белгінің орысша жазылуында артық әріптер қосылса, қазақша нұсқасында әріптер жетіспеген. Яғни, орысшасында "ЖандоСОСОва" және қазақшасындағы "Жандов" дегенде "со" әріптері түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, бұл белгі ұзақ уақыт ілініп тұрмаған, оны тез алып тастаған. Желі қолданушылары бұл қатенің себебі туралы әртүрлі болжамдар айтты.

Алматы әкімдігі аталған іске қатысты пікір білдірді.

"Мердігер "SMEU" ЖШС қатесі бар жол белгісін орнатқан. Бірақ ол бірден ауыстырылды", – деп хабарлады Алматы мобильділік басқармасы.

Айта кетейік, Ораз Жандосов – Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда атағы кеңінен белгілі ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Ораз Жандосов талантты мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен бірге дарынды сөз шебері және публицист, Қазақстан мен Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өмірінің зерттеушісі, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелер бойынша керемет білгір адам.

Ол 1920-1930 жылдары Қазақстанның халық ағарту және мәдениет саласындағы комиссары болып жұмыс істеді. Бірінші Қазақ  мемлекеттік университетінің, ауыл шаруашылық және мал дәрігерлігі институттарының ашылуына зор еңбек сіңірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу