Жанель Күшікова: ЕАЭО-дан шығу – ең ақырғы амал

678

"Дәл қазір Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға ешқандай негіз жоқ".

Жанель Күшікова: ЕАЭО-дан шығу – ең ақырғы амал

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда балансының жағымсыз сипат алуына ішкі экономиканың құрылымы кінәлі. Мұндай пікірді Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова айтты.

"Жыл сайын біздің Ресейден әкелетін тауарымыз, сонда сататын тауарымыздың көлемінен әлдеқайда көп. Бұл бәрінен бұрын біздің экономикамыздың құрылымына байланысты. Біздің экспорттың басым бөлігі шикізат тауарларынан, мұнай өнімдері мен кендерден тұрады. Бұл өнімдер "үшінші елдерге", Ресейден басқа нарықтарға кетіп жатыр. Өйткені Ресей де біз сияқты ірі ресурс сатушы ел. Ал бізде өндірілетін дайын өнімнің көбі өз нарығымыздан аспайды. Сыртқа шығатыны шамалы ғана. Ресейден біз машина құрылысына қажет қондырғыларды, техника мен тұрмыстық техниканы, тұрмыстық химия мен тамақ өнімдерін аламыз. Яғни, ол тауарлар бізде аз өндіріледі немесе мүлде өндірілмейді деген сөз. Сауда теңсіздігі осыдан туындап отыр", - деген вице-министр Одақтан шығу туралы айту әлі ерте деген пайым айтты.   

"Одақтан шығуға келетін болсақ, бұл әрине өте шетін амал деуге болады. Бірақ оған ешқандай тыйым немесе шектеу жоқ. Қазақстан бұл ұйымнан шығу керек деп шешім шығарса, еш кедергісіз кете алады. Бірақ әзірге оған ешқандай алғышарт немесе негіз жоқ. Одақтың жұмыс істегеніне 5 жыл ғана уақыт өтті. Ал кез келген интеграциялық процестердің жемісін көру үшін ұзақ уақыт керек", - деді Жанель Күшікова

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу