Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бүгінде жаңартылатын энергия көздерін сақтау мақсатында бірқатар елдер жұмыс істеп жатыр. Аталған саладағы технологиялар әлі жеткілікті деңгейде дамымаған. Сонда да Біріккен Араб Әмірліктері және Франция компанияларымен келіссөз жүргізіп, болашақтағы стансаларды осындай энергия қуатын сақтайтын қондырғылармен жабдықтау мәселесін талқылап жатырмыз. Өкінішке қарай, ол тарифтердің қосымша өсуіне әсер етуі ықтимал. Сондықтан біз болашақтағы стансаларды технология дамитын болса ғана қолдануымыз мүмкін. Ал қазір оны мұқият қарастырып жатырмыз", – деді Болат Ақшолақов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу