Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Кезбесі Лас-Вегас қаласында өтті. Бұл жолы спортшымыз америкалық Роб Брантпен жекпе-жекке шықты. Он раундқа жоспарланған дода сегізінші раундта аяқталды. Себебі Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы рингке шығудан бас тартты.
Бұған дейін спортшымыз Роб Брантты алтыншы раундта нокдаунға түсірген болатын. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы оныншы додасын жеңіспен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу