WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы дивизион белбеулерін біріктіру үдерісін жалғастырмақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Boxing Studs Noticias хабарлауынша, қазіргі IBF әлем чемпионы неміс Винченцо Гуальтиериді жеңгеннен кейін Жәнібек промоутерлеріне басқа титул иегерлерімен – WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен және WBC тұжырымы бойынша "уақытша" доминикандық чемпион Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге "тапсырыс берді".
"Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Винченцо Гуальтиериді нокаутқа түсіріп, WBO және IBF титулдарын сәтті біріктірді. Енді Әлімханұлы Top Rank Boxing промоутерлерінен Эрисланди Лара (WBA) немесе Карлос Адамеспен (WBC) жекпе-жек өткізуге тапсырыс беруді сұрады", - деп жазады ресурс.
Айта кетейік, орта салмақтағы негізгі WBC титулына америкалық Джермалл Чарло тиесілі.