Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

277

Боксшы салмақ ауыстыра ма?

Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады Фото: prosports.kz

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға байланысты сәтсіздіктен кейін жаңа мәлімдеме жасады. Боксшы орта салмақта жұдырықтасуды жалғастыра бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

WBO және IBF чемпиондық атағына ие Жәнібек орта салмақта қалады. 

"Қолдауларыңызға рақмет! Қазір мен жақсымын. Маған қайта қалпыма келу үшін бірнеше апта керек, сосын ораламын! Ең маңызды жаңалық: орта салмақта менің әлі бітпеген ісім бар," - деп жазды боксшы. 

WBO 10 күн ішінде боксшының денсаулығына қатысты құжаттар мен қашан шаршы алаңға шыға алатыны туралы ресми ақпаратты күтеді. Егер талаптар орындалмаған жағдайда чемпиондық атағынан айыруы да мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу