Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Олливасты жеңді

983

Осылайша бос болған екі бірдей чемпиондық белбеуді тағынды.

Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Олливасты жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте (АҚШ) мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды, деп хабарлайды vesti.kz.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылды. Уақытынан бұрын бірі біріне мықтылығын мойындата алған жоқ. Дегенмен Жәнібек ширақ қимылдап, қарсыласынан қарымды екенін алғашқы раундтардан-ақ байқатты. Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, бос болған екі бірдей чемпиондық белбеуді беліне тағынды.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-ғы төртінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеуді иеленді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу