Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.
Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды.
Жәнібек әуелі қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін нокаут тіркелді.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегін өткізіп, WBO чемпиондық белдігін қорғап қалды. Ал Стивен Батлер төртінші жеңілісіне ұшырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу